
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру аясында аға буын мен жас ұстаздардың байланысын нығайту мақсатында «Талантты ардагер – талапты жас ұстаз!» тақырыбында дәстүрлі облыстық фестиваль мен спартакиада өткізілді.
Аталған іс-шара Қазақстан композиторлар одағының мүшесі, Абай елінің құрметті азаматы, қазақ өнерінің қайраткері, Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайының вокал және аспаптық бөлім жетекшісі Кентау Назарбектің және облысымыздың жергілікті композиторларының шығармашылығына арналды.
«Жергілікті композиторлар әндерін үздік орындау» бағыты бойынша Тоғас батыр атындағы және Қожагелді батыр атындағы орта мектептердің ардагер және жас ұстаздары Г. Сүлейменованың сөзіне, К. Көшерованың әніне жазылған «Ойшілігім» әнін орындап, жүлделі І орынды иеленді.
Ал Қазақстан композиторлар одағының мүшесі Кентау Назарбектің әндерін орындау бойынша М. Әуезов атындағы (Көкжыра) және Қожагелді батыр атындағы орта мектептердің ұстаздары жүлделі ІІ орынды иеленді.
Фестиваль аясындағы «Жергілікті композиторлар шығармашылығы» номинациясы бойынша үздік бейнежазба байқауына белсене қатысқаны үшін Ы. Кабеков атындағы орта мектептің жас маманы, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі А. Жұмабаева Дипломмен марапатталды.
Фестиваль мен спартакиадаға белсене қатысқан ардагер ұстаздарымыз Әуелхан Әділбеков, Нұрлан Қойлыбаев, Кеңесбек Асубаев ағаларымызға, Айткамал Биғазина, Уәзипа Ахметова, Ардақ Ожаева апайларымызға шексіз алғысымызды білдіреміз.
Жас ұстаздар мен өскелең ұрпақ үшін сіздердің әрбір сөздеріңіз – ақыл, әрбір істеріңіз – өнеге.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aksuat-bilim/press/news/details/1209238?lang=kk

Жауап қалдыру