
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен «Таза Қазақстан» акциясы аясында республикалық телекөпір өтті. Тікелей қосылым арқылы ел өңірлеріндегі экологиялық жұмыстар бір алаңда ұсынылды.
Жиында көгалдандыру, абаттандыру, табиғатты қорғау, жануарларға қамқорлық және тазалық мәдениетін қалыптастыру бағытындағы істер талқыланды. Президент бастаманың ел көлемінде кең қолдау тапқанын атап өтіп, 2026 жылдың тұрақты даму мүддесіндегі Халықаралық еріктілер жылы болып жарияланғанын жеткізді. Сонымен қатар экологиялық мәселелерді шешуде заманауи технологиялардың маңызына тоқталып, елімізде 2026 жыл Цифрландыру жылы ретінде белгіленгенін айтты.
Семей қаласының Қарағайлы ықшам ауданында өткен іс-шараға облыс әкімі Берік Уәли, Абай облысы мәслихатының төрағасы Шалқар Байбеков, депутаттар, қоғам өкілдері және түрлі сала қызметкерлері қатысты. Республика алаңына 5000-нан астам тұрғын жиналды. Іс-шара аясында кең ауқымды ағаш отырғызу акциясы ұйымдастырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-abay/press/news/details/1208863?lang=kk

Жауап қалдыру