
Негізгі орын ретінде Баума тоғайы таңдалды, сонымен қатар жұмыстар ауданның бүкіл аумағында ұйымдастырылды. Акцияға шамамен 7 400 адам – денсаулық сақтау және білім беру ұйымдарының өкілдері, құтқару қызметтері, коммуналдық қызметтер, еріктілер, бизнес өкілдері және аудан тұрғындары қатысты.
Жұмыстарға мердігер ұйымдар мен арнайы техника тартылды. Сенбілік барысында аумақтарға санитарлық тазалау жүргізіліп, 140 м³ қоқыс шығарылды, сондай-ақ бірлескен күш-жігермен 270 ағаш отырғызылды.
Экологиялық акцияға қатысқан әрбір жанға алғысымызды білдіреміз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-turksib/press/news/details/1209219?lang=kk

Жауап қалдыру