
25 сәуір күні Триатлон саябағында ұйымдастырылған ауқымды шараға аймақ басшысы, мемлекеттік қызметкерлер, үкіметтік емес ұйым өкілдері, “Жасыл ел” экогвардия отряды және қала тұрғындары белсенді қатысты. Акцияға жалпы саны 21 мыңға жуық адам қатысып, қоршаған ортаны көгалдандыру жұмыстарына өз үлестерін қосты. Іс-шара барысында саябақ аумағында орнатылған LED экран арқылы Мемлекет басшысының экологиялық бастамалардың маңыздылығы туралы пікірлері көпшілік назарына ұсынылып, кеңінен насихатталды. Сонымен қатар, “Жасыл ел” экогвардия отряды акция аясында белсенділік танытып, табиғатты қорғау бағытындағы жұмыстарға атсалысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-zhastar1/press/news/details/1209475?lang=kk

Жауап қалдыру