
Президент бастамасымен жүзеге асып жатқан кең ауқымды экологиялық науқан аясында бүгін Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен республикалық деңгейдегі іс-шара өтті.
⠀
📌Астанада:
* Қарағанды облысынан 5 делегат қатысып, өңір атынан белсенділік танытты;
* VolteQ облыстық волонтерлік корпусының еріктісі Президенттің қолынан алғыс хатпен марапатталды;
⠀
📍Аймақтарда:
* «Таза Қазақстан» акциясы барлық өңірде бір мезетте ұйымдастырылды;
* Негізгі көгалдандыру аймағы ретінде Тәуелсіздіктің 10 жылдығы атындағы этнопарк таңдалды;
* Шараға 4500-ден астам адам қатысып, қатысушылар 1500 түп қарағай, қайың және терек көшеттерін отырғызды;
* Сонымен қатар, Қарқаралы ұлттық паркінен әкелінген 200 түп ирга ағашы егілді.
⠀
Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев өңір тұрғындарына алғыс білдіріп, экологиялық мәдениетті қалыптастыру жолындағы ортақ еңбектің маңызын атап өтті.
⠀
«Таза Қазақстан» – бұл тек бір күндік шара емес, бұл – қоршаған ортаға деген жауапкершілік пен сүйіспеншілікті қалыптастыратын маңызды бастама.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-zhastar/press/news/details/1209422?lang=kk

Жауап қалдыру