
24 сәуірде Қазақстан Республикасы Білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті тексерулер мен әкімшілік істерді цифрлық есепке алу мәселелері бойынша семинар ұйымдастырды.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті өкілдері қатысты. Семинар барысында тексерулерді Тексеру субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімінде тіркеу тәртібі, сондай-ақ әкімшілік істер материалдарын Әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірыңғай тізіліміне енгізу және рәсімдеу мәселелері түсіндірілді.
Комитет төрағасы Серік Аширов аталған бағыттардың аумақтық департаменттер қызметіндегі маңыздылығын атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-zko/press/news/details/1208996?lang=kk

Жауап қалдыру