“Тіл – ұлттың жаны , ұлттың мызғымас темірқазығы”

Жарияланды:

Автор:

категорияда

      2025 жылдың 24 сәуір күні «Мектеп жанындағы интернаты бар жалпы орта білім беретін №6 мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Абай облысы білім басқармасы Аягөз аудандық білім бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес, 7-8 сыныптар арасында “Тіл – ұлттың жаны , ұлттың мызғымас темірқазығы” тақырыбында Зылиха Қуанышқызы Алдабергенова атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен аудандық  олимпиада өткізілді.

       Мақсаты: Дарынды оқушыларды анықтау, оқушылар бойында шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту, облыстық олимпиадаға дайындықты шыңдау, қазақ тілі мен әдебиеті пәніне деген қызығушылықтарын арттыру.

      Салтанатты іс-шара Зылиха Қуанышқызы Алдабергенова атындағы кабинеттің жетістіктерін таныстырудан басталып, мәдени іс-шара залында ұстаздың еңбек жолы жайлы әдеби монтажбен жалғасын тапты. Сондай-ақ оқушылар сахнада Зылиха Қуанышқызының өмір жолын тамаша сомдады. Бұдан соң олимпиада туы енгізіліп, олимпиада алауы жағылды. Олимпиадаға қатысушыларды аудандық білім бөлімінің басшысы Нұрғали Тлекқалиұлы Азимбаев құттықтап, сәттілік тіледі.

         Олимпиадаға  Алдабергенова Зылиха Қуанышқызының балалары, туыстары келді. Ережепова Сауле Нұрғамысқызы, Аязбаев Рахматулла Кенжебекұлы, Ережепова Гүлнара Нургамысовна, Ауельбаева  Айгүл Жұмабекқызы, зейнеткер, желтоқсан ардагері Күлсара Булегеновна, «Жастар» қоғамдық ұйымының төрайымы Қалиева Қорлан Солтанқызы,  Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филормониясының жеке дауыстағы әншісі, «Жамбыл» атындағы халықаралық сыйлықтың иегері, ҚР еңбек сіңірген әртісі, Мемлекеттік «Ерен еңбегі үшін» медаль иегері, Қыздар педагогикалық университетінің профессоры Ұлжан Айнақұлова, Қытай Халық Республикасының халық әртісі Муталип Дилнур, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Нурсейтова Гульнара Қасымжановна. Келген қонақтар ұстаз жайлы естеліктерімен бөлісті.

         Олимпиада қорытындысы нәтижесінде 7-сыныптар бойынша:

І орын  Сағи Алтынай «№1 Ақшәулі жалпы орта білім беретін мектебі» КММ Жетекшісі: С.Т. Смаилова

ІІ орын Абдулхақ Гүлім «Дулат Бабатайұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ  Жетекшісі: Д.Ю. Туктиева.

Тугелханова Сая «Шынқожа батыр атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ  Жетекшісі: Г.М.Бидавлетова

ІІІ орын Балғали Інжу «Сергиополь жалпы орта білім беретін мектебі» КММ Жетекшісі: М.А.Жумабаева

Рахым Шынар «№3 ЖОББОМ»КММ  Жетекшісі: Қ.С. Сабырбекова

Серікқызы Айсара «№5 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ  Жетекшісі: А.М. Калиясова

Өмірбай Айару «Тарбағатай ЖОББМ» КММ   Жетекшісі: М.Е. Амирханова

Серік Айару «Қалалық қазақ метеп-лтцейі» КММ Жетекшісі: Е.М.Амантаева

8-сыныптар бойынша:

І орын Қаламбек Жанерке «№5 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ Жетекшісі: Г.М. Сабырбекова

ІІ орын Сағадат Гүлім «№3 ЖОББАМ»КММ  Жетекшісі: М.А Кошкенбаева 

Аманжолова Аймара  «Мектеп жанындағы интернаты бар жалпы орта білім беретін №6 мектебі» КММ  Жетекшісі: А.О. Ахметкаримова

Серікқұл Кәусар «№8 жалпы орта білім беретін мектебі »КММ  Жетекшісі: М.А.  Шарипова

ІІІ орын Қызырхан Әлпеш «Сары-Арқа жалпы орта білім беретін мектебі» КММ  Жетекшісі:А.Н. Жастабанова

Тұрлыбекова Айша «С.Ғаббасов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ   Жетекшісі:Ж.А. Заманбекова

Қайратова Дильназ «Қалалық қазақ мектеп-лицейі» КММ Жетекшісі:  А.Қ. Қаблашева

  Білім бөлімінің атынан Зылиха Қуанышқызының ұрпақтары мен арнайы келген қонақтар «Алғыс хатпен» марапатталды. Олимпиада жеңімпаздарына Зылиха Қуанышқызының ұрпақтары атынан ақшалай және бағалы сыйлықтар табыс етілді.

  Олимпиаданың жабылу салтанатында қатысушылар  ҚР еңбек сіңірген әртісі Ұлжан Айнақұлова мен  Қытай Халық Республикасының халық әртісі  Нурсейтова Гульнара Қасымжановнаның қонақкәделерін тамашалады. Олимпиада қатысушылары тамаша көңіл-күймен тарқасты. Олимпиада жоғары деңгейде өткізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ayagoz-roo/press/news/details/1208838?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді