2026 жылғы 16 сәуірде Түркістан қаласында Қазақстандық фармацевтикалық форум 2026 өз жұмысын бастады. Ауқымды салалық алаңға мемлекеттік органдар, халықаралық фармацевтикалық компаниялар, отандық өндірушілер мен сарапшылар қатысты.
Форумның басты мақсаты – Қазақстандағы фармацевтика нарығының қазіргі жағдайын талқылау, өзекті мәселелерді көтеру және саланың одан әрі даму бағыттарын айқындау. Іс-шара барысында дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесі, баға саясаты, мемлекеттік реттеу тетіктері, сондай-ақ фармацевтика саласына инвестиция тарту мәселелері кеңінен қаралды. Сонымен қатар, өндірісті локализациялау және заманауи медициналық технологияларды енгізу тақырыптары талқыланды.
Форумға ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері, салалық қауымдастықтар, сондай-ақ Johnson&Johnson, Polpharma Santo секілді халықаралық фармацевтикалық компаниялардың басшылары қатысты.
Спикерлер өз баяндамаларында Қазақстанның фармацевтика нарығы Орталық Азия өңіріндегі маңызды бағыттардың бірі екендігін, қазіргі таңда фармацевтика нарығында жаңа үрдістер қалыптасып келе жатқандығын атап өтті.
Форум 17 сәуірге дейін жалғасты. Іс-шара аясында пікірталастар мен шеберлік сабақтары жоспарланды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-densaulyk/press/news/details/1209933?lang=kk

Жауап қалдыру