ТҮРКІСТАНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА БАС МҮФТИ МЕН ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН АҒАШ ЕГУ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
📍Түркістан қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында кезекті ағаш егу акциясы ұйымдастырылды. Игі шара өңірдің экологиялық ахуалын жақсарту, жасыл желекті көбейту және тұрғындардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыру мақсатында өткізілді.
🔰Ауқымды акцияға Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай-қажы Тағанов, Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, сондай-ақ құқық қорғау органдарының басшылары, дін ғұламалары, руханият саласының өкілдері мен ясауитанушылар қатысты.
🔰Шара барысында қатысушылар өңірді көгалдандыруға өз үлестерін қосып, ағаш көшеттерін отырғызды. Бұл бастама – табиғатты қорғау мен экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған республикалық «Таза Қазақстан» акциясының маңызды бөлігі.
🔰Айта кетейік, 2 жыл көлемінде Түркістан облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы бастау алған сәттен бері 2 миллионнан астам ағаш егілді. 11 саябақ, 8 сквер және 4 аллея ашылды. «Мөлдір бұлақ» акциясы арқылы 155 бұлақ, 77 өзен тазартылды. Биыл да 1 миллионнан астам ағаш егу жұмысы жүріп жатыр.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1209111?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді