
Абай облысы мәслихатының Өнеркәсіп, жер қойнауын пайдалану және экология саласын дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті. Жиынға комиссия төрағасы Бауыржан Қайрамбаев, комиссия мүшелері және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.
Күн тәртібінде өңір үшін өзекті бірқатар мәселелер қаралды. Атап айтқанда, облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындарында табиғатты қорғау іс-шараларының орындалуы, жасыл желектерді күтіп-ұстау, суару және орман өртіне қарсы қызметті дамыту, өнеркәсіп және тау-кен өндіру секторына инвестиция тарту, сондай-ақ қалалар мен аудандардағы энтомологиялық жағдай және дезинсекциялық жұмыстарға дайындық мәселелері талқыланды.
Жиында салалық басқармалар мен департамент өкілдері қаралған бағыттар бойынша ақпарат ұсынып, атқарылып жатқан жұмыстардың барысын баяндады.
Талқылау барысында комиссия мүшелері бірқатар сұрақ көтерді. Қорытындысында тиісті мемлекеттік органдарға жұмысты жүйелі жалғастыру жөнінде ұсынымдар берілді. Қабылданған шешімдер белгіленген тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.
АБАЙ ОБЛЫСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-abay/press/news/details/1209301?lang=kk

Жауап қалдыру