«Жанат оқулары» облыстық байқауы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

24 сәуір күні А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында ақын, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жанат Әскербекқызының 60 жас мерейтойына арналған «Жанат оқулары» облыстық байқауы өтті.

Байқаудың басты мақсаты – ақын шығармашылығын кеңінен насихаттау, жас ұрпақтың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру және дарынды жастарға қолдау көрсету.

Аталған әдеби додаға облыс аудандарынан, қала мектептері, колледждер мен жоғары оқу орындарынан келген қатысушылар қатысты. Олар Жанат Әскербекқызының шығармаларынан ұсынылған өлеңдерді жатқа, мәнерлеп оқып, өз шеберліктерін көрсетті.

Шара барысында ақын сөзіне жазылған әндер шырқалып, жас өнерпаздар өз өнерлерін ортаға салды.

Байқау қорытындысы бойынша үздік қатысушылар анықталып, дипломдар мен қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

Байқау қорытындысы төмендегідей:

Бас жүлде – 100 мың теңге сыйақы, Зайсан ауданы, Шілікті орта мектебінің оқушысы – Маратбек Жібек иеленді.

І орын – 70 мың теңге сыйақы, Ұлан ауданы, «Қасым Қайсенов кентінің орта мектебінің» оқушысы – Еренхан Айгерім.

ІІ орын –әрқайсы 50 мың теңге сыйақыдан екі жүлде, Абай атындағы гуманитарлық колледжінің студенті Кибадатова Дильназ және Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің «Қ. Қайсенов атындағы орта мектебінің оқушысы – Аманжол Ахметжан иеленді.

ІІІ орын – әрқайсысы 40 мың теңге сыйақыдан «Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназиясының» оқушысы  Мамырбек Кәмшат және Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің студенті Оралтаева Асылай иеленді.

«Жанат Әскербекқызы атындағы» арнайы жүлдемен Қадылбекова Шолпан (20 мың теңге сыйақы) , «Көркем сөз оқу шебері”(20 мың теңге сыйақы) – Сейтмұқаш Еркеназ, «Көрермен көзайымы» (20 мың теңге сыйақы) – Болатқызы Балнұр марапатталды.

Осындай мазмұнды шаралар жас ұрпақтың әдебиетке деген сүйіспеншілігін арттырып қана қоймай, ұлттық руханиятты дәріптеуге, поэзияға құрмет сезімін қалыптастыруға ықпал етеді. «Жанат оқулары» облыстық байқауы да өз кезегінде жас таланттардың қанатын қатайтып, олардың шығармашылық әлеуетін дамытуға зор мүмкіндік берді.

Бұл іс-шараға қаржылай қолдау көрсеткен жерлесіміз Дарын Сағдолдинге, ақынның әкесі Әскербек Аймұхамбетовке және Жанат Әскербекқызының шәкірті Амангелді Ошақовқа алғыс айтамыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-cultura-arhiv/press/news/details/1209405?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді