
Кездесу барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылымды жаңғырту, жолдарды жөндеу, ауызсу, электр жарығы, абаттандыру және санитарлық тазалық бағытында атқарылған жұмыстар жан-жақты баяндалды. Сонымен қатар, алдағы кезеңге жоспарланған жобалар мен бастамалар да таныстырылды.
Тұрғындар тарапынан көтерілген өзекті мәселелердің қатарында жол сапасы, көше жарығы, интернет желісі, медициналық қызметтің қолжетімділігі және ауылішілік инфрақұрылымды дамыту мәселелері болды. Аудан әкімі әрбір сұраққа нақты жауап беріп, жауапты сала басшыларына тиісті тапсырмалар жүктеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-zhanasemey/press/news/details/1208868?lang=kk

Жауап қалдыру