ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСУДЕ МАМАНДЫҚ ТАҢДАУҒА БАҒЫТ-БАҒДАР БЕРІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров Аша елді мекенінде орналасқан №5 «Келешек» жалпы білім беретін мектебінің 11-сынып оқушыларымен кездесті. Іс-шараның негізгі мақсаты – мектеп түлектеріне мемлекеттік қызметтің маңыздылығын түсіндіру, олардың кәсіби бағдарын айқындауға бағыт-бағдар беру.
Кездесу барысында аудан әкімі жастармен еркін форматта пікір алмасып, өз тәжірибесімен бөлісті. Ол қазіргі қоғамдағы білімнің рөліне, жауапкершілігі жоғары мамандықтарды таңдаудың маңыздылығына тоқталып, мемлекеттік қызметтің ел дамуына қосатын үлесін атап өтті. Жас буынның сапалы білім алып, бәсекеге қабілетті маман болуы уақыт талабы екенін жеткізді.
Іс-шара аясында үздік мектеп түлектері мемлекеттік қызметтің негізгі бағыттарымен танысты. Оқушыларға аудан әкімдігі аппаратының құрылымы мен жұмыс жүйесі туралы жан-жақты ақпарат берілді. Бұл өз кезегінде олардың болашақ мамандық таңдауға деген қызығушылығын арттырды.
Аудан әкімінің аппарат басшысы Бекзат Абубакиров әкімдіктің дербес бөлімдерінің қызметтері туралы кеңінен таныстырып, әр бөлімнің негізгі міндеттері мен атқаратын функцияларын түсіндірді. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметке қабылдау талаптары мен мүмкіндіктері жөнінде де нақты мәліметтер ұсынылды.
Кездесу соңында оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Мұндай мазмұнды кездесулер жастардың кәсіби бағдарын айқындауға, олардың мемлекеттік қызметке деген қызығушылығын арттыруға оң ықпал ететіні атап өтілді.
©️Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sauran-turkestan/press/news/details/1209006?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді