
Ағымдағы жылдың 24 сәуірінде Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Қасымхан Алпысбайұлының төрағалығымен жұмыс кеңесі өткізілді.
Жұмыс кеңесіне Департамент басшылығы, құрылымдық бөлімшелер мен аудандық басқармалардың басшылары қатысты.
Күн тәртібіне жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс мәселелері мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарияляқ-эпидемиологияьық бақылау комитеті (бұдан әрі – Комитет) тарапынан жүргізілген бағалау мен әдістемелік көмек көрсету қорытындылары қаралды.
Комитеттің басқарма басшысы Шәукіш Аманжолқызы Сейітмағанбетова өтініштер бойынша жұмыстарға қатысты, оның ішінде тіркеу, қарастыру, есептілікті қалыптастыру және бұзушылықтарды болдырмау бойынша түсіндіріп, әдістемелік ұсынымдар берді.
Сондай-ақ Шәукіш Аманжолқызы кеңеске қатысушылар тарапынан туындаған сұрақтарға толық жауаптар беріп, жұмыс барысында кездесетін тәжірибелермен бөлісті.
Әрі қарай Департамент басшысы Қасымхан Алпысбайұлы азаматтардың өтініштерімен жұмыс бойынша және бұзушылықтың алдын алуға бағытталған кешенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстары туралы баяндады.
Кеңес қорытындысы бойынша жауапты қызметкерлерге және аудандық басқарма басшыларына күн тәртібіндегі мәселелерге қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берілді.
Бұдан бөлек кеңес қатысушыларына өтініштерді қатаң ҚР Әкімшілік-рәсімдік процестік кодексінің талаптарына сәйкес қарастыру қажеттігі туралы нұсқама берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-almaty/press/news/details/1209411?lang=kk

Жауап қалдыру