Зияткерлік ойын өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

🔹Зияткерлік меншік халықаралық күн қарсаңында, «Заң мен тәртіп» идеологиясы және «Антиконтрафакт» республикалық акциясы аясында Қостанай облысы Әділет департаменті Жастар ресурстық орталығымен және Челябинск мемлекеттік университетінің Қостанай филиалының заң клиникасымен бірлесіп, прокуратура органдарының өкілі мен ҚР патенттік сенімді өкілінің қатысуымен 2026 жылдың 24 сәуірінде заң факультеттерінің 3–4 курс студенттері арасында Зияткерлік меншік халықаралық күніне арналған зияткерлік ойын өткізді.

🔸Өзінің құттықтау сөзінде Департамент басшысы Алия Аманжулова 2026 жылы жаңа Конституцияда алғаш рет зияткерлік меншікті заңмен қорғау туралы ереже бекітілгенін атап өтті. Бұл зияткерлік қызмет нәтижелерін дербес меншік нысаны ретінде тануға және ғылым, мәдениет, инновацияларды дамыту үшін тұрақты құқықтық негіз қалыптастыруға мүмкіндік береді.

🔹Зияткерлік ойын зияткерлік меншік саласындағы білімді насихаттау, жастардың құқықтық мәдениетін арттыру, сондай-ақ студенттердің зияткерлік қызмет нәтижелерін қорғау мәселелеріне қызығушылығын дамыту мақсатында өткізілді.

🔸Ойын барысында студенттер заңнама саласындағы жоғары деңгейдегі білімдерін көрсетіп, құқықтық кейстерді сәтті шешіп, шығармашылық қабілеттерін танытты.

🔹Қатысушылар өз білімдерін тексеріп қана қоймай, нақты құқықтық жағдайларды талдау арқылы оларды тәжірибеде қолданды. Ойын форматы командалық жұмыс, сыни ойлау және жедел шешім қабылдау дағдыларын дамытуға мүмкіндік берді.

🔸Зияткерлік ойын құқықтық сауаттылықты арттыру мен құқық саласына деген қызығушылықты күшейтудің тиімді алаңына айналды.

🔹Ойын қорытындысы бойынша Челябинск мемлекеттік университетінің Қостанай филиалының «КФ Копирайт» командасы I орынды иеленді, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің «Заң сақшылары» командасы II орынды, ал Зұлхарнай Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің «Прецедент» командасы III орынды иеленді.

Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1208948?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді