2026 жылғы 24 сәуір күні ауданның жұмыссыз тұрғындарына арналған бос жұмыс орындары мен бос қызмет орындарының аудандық жәрмеңкесі өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Іс-шара Ақсу-Аюлы ауылы, Шортанбай жырау көшесі, 70А мекенжайында орналасқан «Шет ауданының жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ұйымдастырылды.
Жәрмеңке барысында жұмыс берушілер өздерінің бос жұмыс орындарын ұсынып, жұмыс іздеушілерге тікелей сұхбаттасу мүмкіндігі жасалды. Қатысушылар мамандардан кеңес алып, түйіндемелерін тапсырып, тұрақты жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болды. Сонымен қатар, мемлекеттік бағдарламалар аясында жұмыспен қамту, кәсіптік оқыту, жастар практикасы, қоғамдық жұмыстар және еңбек нарығындағы өзге де мүмкіндіктер туралы толық ақпарат берілді.
Аталған іс-шара нәтижесінде пробация қызметінің есебінде тұрған 1 азамат квота аясында «Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы филиалы – «Ағадырь жол дистанциясы» ПЧ-26 мекемесіне жолдама алды. Сонымен қатар, 3 азаматқа квотадан тыс негізде «Caravan Logistics» ЖШС-не тұрақты жұмысқа орналасу үшін жолдама берілді.
Бұдан бөлек, ауданның жұмыссыз жүрген өзге де азаматтары мен азаматшаларына түрлі мекемелерге тұрақты жұмысқа орналаса алады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet/press/news/details/1210208?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді