
Баянауыл ауданы Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатында “Экоboom” жобасы аясында ұйымдастырылған “Экоstart” акциясының кезекті қорытындысы шығарылып, жеңімпаз марапатталды.
Акция нәтижесі бойынша 8 “А” сынып оқушысы Мұрат Ботажан 600 килограмм қатты тұрмыстық қалдықтарды, оның ішінде қағаз өнімдерін жинап, қайта өңдеуге тапсыру арқылы жоғары нәтиже көрсетті. Бұл — тек сан емес, бұл — табиғатқа деген жанашырлық пен жауапкершіліктің айқын көрінісі. Жас қатысушыға бас жүлде — велосипед табысталды.
Жеңімпаз өз жетістігімен бөлісіп: «Мен қағаз, журналдар мен оқылған газеттерді оқу жылы бойы жинадым. Әрбір жиналған қағаз — табиғатты қорғауға қосқан үлесім деп қабылдадым. Осындай нәтижеге жеткеніме қуаныштымын. Алдағы жазғы демалыста ұтып алған велосипедімді қуана теуіп, бос уақытымды тиімді өткізгім келеді», — деді Мұрат Ботажан.
“Экоstart” акциясы — оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, табиғатты қорғауға деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған маңызды бастама.
600 килограмм тұрмыстық қалдық жинау арқылы сіз де экологиялық қозғалыстың бір бөлігіне айналып, бағалы сыйлыққа ие бола аласыз. Ең бастысы – болашақ ұрпаққа таза әрі қауіпсіз орта қалдыру.
Акция өз жалғасын табуда.
Табиғатқа жасалған әр игі іс – келешекке салынған сенімді көпір.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-edu/press/news/details/1210102?lang=kk

Жауап қалдыру