
2026 жылғы 21 сәуірде Көкшетау қаласында Ақмола облысы мәслихаттарының қызметін үйлестіру жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Отырыс жұмысына аудандық мәслихаттың төрағасы Г. Сәдуақасова, аудандық мәслихат аппаратының басшысы С. Әкімжанова қатысты.
Мәслихаттардың қызметін үйлестіру жөніндегі кеңестің төрағасы, Ақмола облысы мәслихатының төрағасы Б.Жүсіпов жұмыстың негізгі бағыттары мен өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін атап өтіп, кіріспе сөз сөйледі.
Отырыс барысында маңызды тақырыптар қаралды. Ақмола облысы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Қ. Құлышев өкілді органдардың қоғамдық кеңестермен өзара іс-қимылы туралы айтты.
Облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Н. Политкин мәслихаттардың барлық деңгейдегі сайлау комиссияларын қалыптастыру мәселелерін атап өтті.
Сондай-ақ қатысушыларға әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің және азаматтардың өтініштерін тіркеу және есепке алу қағидаларының негізгі талаптары түсіндірілді. Тиісті ақпаратпен Ақмола облысы бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитеті Департаментінің өкілі Л. Құдабаева сөз сөйледі.
Ақпаратпен жұмыс істеудің заманауи тәсілдеріне ерекше назар аударылды. Тақырып аясында «Мәтіннен мазмұнға дейін. 2026 жылы қандай ЖИ қолдану керек» Қ. Мұқышев цифрлық коммуникациялар саласындағы өзекті құралдар мен тәсілдерді ұсынды.
Отырыс соңында қатысушылар ашық диалог форматында өздерін қызықтырған мәселелерді талқылады.
Аудандық мәслихаттың баспасөз орталығы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-shortandy/press/news/details/1210109?lang=kk

Жауап қалдыру