
Түркістан қаласында жалпы білім беретін оқу орындарының 6-11 сынып оқушылары арасында дәстүрлі «Ясауитану-2026» республикалық байқауының қорытынды кезеңі өтті.
Байқау қазақ халқының рухани тұтастығын қалыптастырған Қожа Ахмет Ясауидің хикметтерін насихаттау, өскелең ұрпақты ұлы баба мұрасын терең меңгеріп, зерттеуге ынталандыру, интеллектуалдық пайым-парасатын арттыру, кесенесінде жерленген тарихи тұлғалардың өмірі мен қызметін өскелен ұрпақтың бойына сіңіруді мақсат тұтады.
Республикалық байқаудың ұйымдастырушысы: Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Әзірет Сұлтан» ұлтық тарихи-мәдени музей-қорығы.
Республикалық кезеңге еліміздің түкпір-түкпірінен 100-ден астам оқушы қатысты. Ақмола облысынан 4 оқушы қатысып, олардың үшеуі жүлделі орындарға ие болды.
IIІ-дәрежелі дипломмен және 50 мың теңге ақшалай сертификатпен:
1.Амандыққызы Аружан – Ақкөл ауданы, Ақкөл қаласының Жайық Бектұров атындағы № 3 жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы;
2.Нұрыбекұлы Ахмет – Целиноград ауданы, Қажымұқан ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы;
3.Сайлаубай Асылжан – Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы марапатталды.
Қатысканы үшін дипломмен Қосшы қаласы, №3 мектеп-лицейнің 9-сынып оқушысы Ахатқызы Аяулым марапатталды.
Жүлдегерлерімізді шын жүректен құттықтаймыз!!!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-edu/press/news/details/1210441?lang=kk

Жауап қалдыру