
Ақтау қаласының эстетикалық келбетін жақсарту және қолайлы экологиялық орта қалыптастыру мақсатында қала аумағында көктемгі жасыл желектерді егу науқаны жалғасуда. Биылғы абаттандыру шаралары аясында қаланың басты көшелері мен қоғамдық орындарына мыңдаған көшет пен гүл отырғызылып, шаһардың көркі жаңа серпінмен толықтырылуда.
Атап айтқанда, қала аумағында 20 000 дана бұта және 300 дана сәндік бұта егілді. Сонымен қатар, қаладағы скверлер мен саябақтар аумағына 3 600 дана раушан гүлі отырғызылып, демалыс орындарының ажары айшықтала түсті.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1210667?lang=kk

Жауап қалдыру