
Ақтау қаласында қоғамдық кеңістіктерді жаңғырту және абаттандыру бағытында кешенді жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, 7-шағын аудандағы «Мәңгілік алау» және «Жеңіс» алаңдары, 16-шағын аудандағы спорт алаңдары және 19А шағын ауданда жаяу жүргіншілер жолы қайта қалпына келтірілуде.
Жалпы жұмыстарға 3 арнайы техника мен 30-ға жуық жұмысшы жұмылдырылды. Қала инфрақұрылымын жақсартуға және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру бағытында жүйелі түрде басқа да шағын аудандарда жүзеге асырылады.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1210691?lang=kk

Жауап қалдыру