Ақтауда қалалық мәслихаттың кезектен тыс отыз бірінші сессиясы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтау әкімдігінде қалалық мәслихаттың кезектен тыс отыз бірінші сессиясы ұйымдастырылды. Жиынға қала әкімі Әбілқайыр Байпақов, қалалық мәслихат төрағасы Сембіғали Закенов, мәслихат депутаттары, қала әкімдігінің бөлім басшылары және құзырлы мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Сессияның күн тәртібінде қаланың әлеуметтік саласын дамыту және жастар саясатын іске асыруға бағытталған екі мәселе қаралды. Алғашқы мәселе бойынша Ақтау қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау туралы шешімге өзгерістер енгізу жайы талқыланды. Бұл бағытта қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Гүлнар Хайрлиева баяндама жасап, әлеуметтік қолдау шараларын оңтайландыру бойынша ұсыныстарын жеткізді.

Екінші мәселе ретінде Ақтау қаласы әкімдігі жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңестің құрамын бекіту және оның қызметін жандандыру мәселесі қаралды. Бұл тақырыпта қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Заңғар Оразай баяндама жасап, жастар саясатын іске асырудың жаңа тетіктеріне тоқталды.

– Қаламыздың өсіп-өркендеуі мен тұрғындардың әл-ауқатын арттыру жолында депутаттар корпусымен бірлескен жұмыс өте маңызды. Бүгінгі қабылданып жатқан шешімдер қаламыздағы әлеуметтік мәселелерді шешуге және өскелең ұрпақты қолдауға тікелей әсер етеді. Соңғы уақытта Ақтаудың инфрақұрылымын жақсарту, көгалдандыру және тазалық жұмыстары бойынша ауқымды істер атқарылуда. Қаланың дамуына бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде, — деді қала басшысы Әбілқайыр Байпақов.

Сессия қорытындысы бойынша қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер регламентке бекітіліп, жауапты бөлімдерге нақты тапсырмалар жүктелді.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1210675?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді