Ақтөбеде мамыр айындағы мерекелік іс-шаралардың жоспары бекітілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

🔹 Облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен жиында мамыр айындағы мерекелік іс-шараларға дайындық және өткізу мәселесі қаралды. 📋 Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Алтынай Юнисова мамыр айындағы мерекелердің қалай атап өтілетінін баяндады. ✅ Іс-шараларды өткізу үшін кешенді жоспар бекітіліп, дайындық жұмыстары қарқынды жүргізілуде. 🌿 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні облыстың елді мекендерінде атап өтіледі. Негізгі іс-шара «Қазақ халқына мың алғыс» стеласы маңында өтетін «Бірлікте біздің күш» мәдени-көпшілік бағдарламасы болмақ. 🛡️ 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні. Негізгі іс-шаралар 6 мамырда Өнер орталығында өтеді. Мұнда «Ел қорғаны – ерлік рухы» атты мерекелік бағдарлама ұйымдастырылып, қала алаңдарында концерттер өтіп, ел дамуына үлес қосқан және патриотизм танытқан азаматтарды марапаттау рәсімдері болады. 🌹 9 мамыр – Жеңіс күні дәстүрлі түрде Ұлы Отан соғысы батырларының ескерткіштеріне гүл шоқтарын қоюмен басталады. Сондай-ақ еске алу және патриоттық акциялар, ардагерлермен кездесулер өтеді. 🎈 28 мамыр – Ақтөбе қаласының күніне айырықша назар аударылады.18–28 мамыр аралығында онкүндік бағдарлама өткізіледі. 🎤 28 мамыр күні кешкі сағат 18:00-ден бастап қаланың бес алаңында – Арбат алаңы, Қалалық мәдениет үйінде, Авиатор саябағында, Денсаулық саябағында және Есет батыр шағынауданында «Асқақтай бер, Ақтөбем!» атты концерттер өтеді. Ал сағат 20:00-де «Қазақ халқына мың алғыс» стеласы алдындағы алаңда гала-концерт ұйымдастырылады. 🕯️ Мамыр айындағы іс-шаралар 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күнінде Түйетөбеде, 1930–1950 жылдардағы қуғын-сүргін құрбандарына арналған мемориалда, сондай-ақ «Азаттықтың ақ таңы» тарихи кешенінде және ашаршылық пен қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіште гүл шоқтарын қою рәсімдері өтеді. 💬 «Барлық мерекелер жоғары деңгейде өтуі тиіс. Оларды жастардың тарихқа деген құрметін, патриотизмін және ел болашағына деген жауапкершілігін қалыптастыратын мазмұнмен толықтыру маңызды», – деді Асхат Шахаров.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-zher/press/news/details/1210489?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді