
Қабылдауға келген 16 тұрғын өздерін толғандырған түрлі мәселелерді көтерді.
Атап айтқанда, тұрғын үй, жұмыссыздық, аялдама салу, балалар ойын алаңы және өзге де әлеуметтік мәселелер бойынша ұсыныс-пікірлер айтылды.
Қабылдау барысында аудан әкімі әрбір тұрғынның өтінішін мұқият тыңдап, қолданыстағы заңнама аясында тиісті түсіндірмелер берді. Сонымен қатар, көтерілген мәселелер бойынша қажетті жұмыстар жүргізілетінін жеткізді.
Тұрғын үй мәселесіне қатысты баспана кезектілік тәртібімен және тиісті санаттарға сәйкес берілетіні түсіндірілді.
Сондай-ақ, аудан әкімі тұрғындар тарапынан көтерілген өзекті мәселелерді жеке бақылауына алып, оларды кезең-кезеңімен шешу үшін жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-zhylyoy/press/news/details/1210411?lang=kk

Жауап қалдыру