Аудандық мәслихаттың кезектен тыс XL сессиясы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Бүгін аудандық мәслихат төрағасы Сәлімгерей Сиражевтің төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезектен тыс XL сессиясы өтті. Сессия жұмысына аудан әкімі Мұрат Сердалин, аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері және мекеме басшылары қатысты.
Сессия барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар маңызды мәселелер қаралды:
1. 2025 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы бойынша Батыс Қазақстан облысы тексеру комиссиясының есебін бекіту туралы;
2. Ауданның 2025 жылғы бюджетінің атқарылуы жөніндегі жылдық есепті бекіту туралы;
3. Ауданның ауылдық округтері бюджеттерінің 2025 жылғы атқарылуы жөніндегі жылдық есептерін бекіту туралы;
4. Аудандық мәслихаттың 2025 жылғы 24 желтоқсандағы №37-1 «2026–2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
5. Аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 13 қазандағы №7-6 «Ақжайық ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
6. Жер комиссиясының құрамын қалыптастыру және оның ережесін бекіту туралы;
7. Аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия құру туралы.
8. Ақжайық ауданы әкімдігі жанындағы қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша консультациялық-кеңесші орган құру туралы;
Сессия барысында депутаттар тарапынан ұсыныстар айтылып, әрбір мәселе жан-жақты талқыланды. Күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akzhaik-maslihat/press/news/details/1210538?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді