
Бейнеу ауданы Полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция майоры Е. Искаков тұрғындармен кездесіп, құқықбұзушылықтың алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында интернет-алаяқтықтың кең таралған түрлері түсіндіріліп, олардан қорғану жолдары айтылды. Сонымен қатар, азаматтарға сақтық шараларын қатаң сақтау қажеттігі ескертілді.
Сондай-ақ, жиын барысында нашақорлықтың қоғамға тигізетін зияны туралы айтылып, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы атап өтілді.
Тұрғындарға ауладағы велосипедтер мен өзге де бағалы жеке мүліктерге мұқият болу, оларды қараусыз қалдырмау және қауіпсіздік шараларын күшейту жөнінде нақты ұсыныстар берілді.
Кездесу соңында азаматтардың сұрақтарына жауап беріліп, құқықтық кеңестер ұсынылды.
https://www.instagram.com/p/DXrCeokDD1z/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1210578?lang=kk

Жауап қалдыру