
Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің хабарламасыңа сәйкес, Қазақстанда микро және шағын бизнес субъектілері үшін қызметін тоқтату тәртібі жеңілдетіліп, «таза парақ» тетігі бойынша жүзеге асырыла отырып, бірқатар шарттар сақталған жағдайда камералдық бақылаусыз бизнесті жабуға мүмкіндік береді.
Аталған тәртіпті келесі талаптар бойынша жүргізіледі:
-ҚҚС бойынша тіркеу есебінде болмау;
-салықтар мен әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі жоқ;
-жекелеген қызмет түрлері бойынша тіркелмеген.
Көрсетілген шарттар сақталған жағдайда қызметті тоқтату кезінде камералдық бақылау жүргізілмейді. Бұл ереже есептілік 2025 жылғы 17 желтоқсанға дейін тапсырылған және 2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі салық кезеңдеріне қатысты болған жағдайда қолданылады.
Рәсімді аяқтау үшін салық органына келесі құжаттарды ұсыну қажет:
-қызметті тоқтату туралы өтініш;
-таратуға байланысты салық есептілігі;
-бақылау-кассалық машинаны (БКМ) есептен шығару туралы өтініш.
Ведомствода жеңілдетілген тәртіп тек белгіленген талаптар толық сақталған жағдайда ғана қолданылатыны атап өтілді. Шарттар сақталмаған жағдайда қызметті тоқтату камералдық бақылау жүргізу арқылы жалпы тәртіппен жүзеге асырылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1210095?lang=kk

Жауап қалдыру