Целиноград ауданы прокуратурасымен кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында көрсетілімдік сот процесі ұйымдастырылды.
Іс-шара Қоянды ауылы лицейінің оқушыларының қатысуымен өткізіліп, жастардың құқықтық сауаттылғын арттыруға, заңға құрмет қалыптастыруға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталды.
Іс-шара барысында оқушылар сот процесінің қатысушыларының рөлдерің орындап, қылмыстық істерді қарау тәртібімен және сот талқылауының ерекшеліктерімен тәжірибе жүзінде танысуға мүмкіндік алды.
Кездесу барысында қолданыстағы заңнама нормалары, атап айтқанда, төбелес және денсаулыққа зиян келтіру үшін көзделген қылмыстық жауапкершілік, сондай-ақ мұндай бұзушылықтардың салдары түсіндірілді.
Іс-шараға 400-ден астам оқушы қатысты.
Сонымен қатар, іс-шара соңында белсенді оқушыларды құқықтық мәдениетті, азаматтық жауапкершілікті және жастардың белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыруға бағытталған «Жас-Ұрпақ» жобасының қатарына қабылдау бойынша салтанатты рәсім өткізілді.
Ақмола облысының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1210307?lang=kk

Жауап қалдыру