«Діни сауаттылық: дұрыс ақпаратты қайдан аламыз?» атты кездесу

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Діни сауаттылық: дұрыс ақпаратты қайдан аламыз?» атты кездесу

🔹Қабанбай батыр атындағы орта мектептің жоғары сынып оқушылары арасында «Alakol jastary» филиалы және Дін істер басқармасы ММ Дін саласындағы мәселелерді зерттеу және оңалту орталығы КММ-нің маман теологы Сагиев Нұрзат Қуатұлы бірлесе, Оқушыларға діни сауаттылықтың маңызын түсіндіру, интернет пен әлеуметтік желілердегі діни ақпараттарды талдау дағдыларын қалыптастыру мақсатында кездесу өткізді.
🔹Мектеп оқушыларымен өткен маңызды кездесуде Дін істері басқармасына қарасты «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу және оңалту орталығының» маман теологы Н.Сагиев оқушыларға ғаламтордағы күмәнді діни насихаттарды ажырату жолдарын, ресми ақпарат көздеріне сенудің маңыздылығын және жат ағымдардың арбауынан сақтану ережелерін түсіндірді.
🔹«Alakol jastary» филиалының психолог маманы Э.Серикова тренинг жүргізіп, шара соңында оқушыларға сұрақтар қойып, өз ойларымен бөлісті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-zhagatal/press/news/details/1210795?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді