«Еңбекті қорғау – әр адамның парызы» дөңгелек үстел

Жарияланды:

Автор:

категорияда

28 сәуір – Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай
«Еңбекті қорғау – әр адамның парызы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.Іс-шараның мақсаты – еңбек қауіпсіздігін сақтау,
қызметкерлердің денсаулығын қорғау және
өндірістік жарақаттардың алдын алу мәселелерін
талқылау болды.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар еңбек
қауіпсіздігі ережелерін сақтау, жұмыс орнындағы
тәртіп пен жауапкершілікті арттыру, төтенше
жағдайлардың алдын алу жолдары туралы ой
пікірлерімен бөлісті. Сонымен қатар, еңбекті қорғау саласындағы өзекті мәселелер көтеріліп, оларды шешу жолдары ұсынылды. Іс-шара қорытындысында қатысушылар еңбек
қауіпсіздігін сақтау – әр адамның басты міндеті
екендігін атап өтіп, алдағы уақытта да бұл бағыттағы
жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру қажеттігін
жеткізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-kabanbai/press/news/details/1210193?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді