Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі уақытша әкелу/әкету.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі — ЕАЭО) шеңберіндегі уақытша әкелу/әкету — бұл кедендік рәсім, оған сәйкес тауарлар ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер арасында белгілі бір мерзімге кедендік баждар мен салықтарды төлемей, кейіннен кері әкету (қайтару) міндеттемесімен, олардың қасиеттері мен сипаттамаларын өзгертпей (табиғи тозуды қоспағанда) орын ауыстырылады.

Қазақстан Республикасының Салық кодексінің ережелерін, атап айтқанда 514-бапты іске асыру мақсатында, салық төлеуші ЕАЭО шеңберінде тауарларды уақытша әкелу (әкету) кезінде салық органдарын хабардар етуге міндетті.

Тауарларды әкелу және әкету туралы хабарлама 016.00 нысаны бойынша ұсынылады.

Хабарлама нысаны келесі мақсаттарда енгізілген:

– тауарлардың қозғалысына қатысты ашықтық пен бақылауды арттыру;

– ЕАЭО шеңберінде тауарларды әкелу және әкету кезіндегі көлеңкелі экономиканың үлесін азайту;

– салық төлеушілердің хабарлама нысаны мен оны ұсыну мерзімдеріне қойылатын талаптарды сақтауын қамтамасыз ету.

Хабарлама салық төлеуші тарапынан белгіленген нысан бойынша электрондық түрде орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша мемлекеттік кірістер органына ұсынылады.

Хабарламаны ұсыну мерзімі 20 жұмыс күнін құрайды:

– тауарларды ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелген күннен бастап;

– тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағына әкеткен күннен бастап.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1210060?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді