
Келес ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметінде жаңа кадрлық өзгеріс орын алды. Аудан әкімінің өкімімен Лесбаев Мұрат Нұрғалиұлы Келес ауданы әкімі аппараты персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бөлімшесінің басшысы болып тағайындалды.
Лесбаев Мұрат Нұрғалиұлы 2001 жылы 14 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы, Ақниет ауылында дүниеге келген.
Еңбек жолында 2023 жылдың шілде айынан бастап Келес ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінде статистик қызметін атқарды. Кейіннен Келес ауданы әкімі аппаратында әкім кеңесшісінің міндетін уақытша атқарушы болып жұмыс істеп, одан әрі аудан әкімінің кеңесшісі қызметін атқарды.
Жаңа қызметінде Лесбаев Мұрат Нұрғалиұлы кадр саясатын жетілдіру, мемлекеттік қызмет сапасын арттыру және аппарат жұмысының тиімділігін күшейту бағытында жұмыс жүргізетін болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-keles/press/news/details/1209972?lang=kk

Жауап қалдыру