Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы: қалай қорғануға болады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы (КҚГҚ) — жедел вирусты табиғи-ошақтық ауру. Ол адамға иксод кенелерінің шағуы арқылы немесе жұқтырылған жануарлардың қанымен жанасқанда беріледі.

Эндемиялық аумақтар: Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстары және Шымкент қаласы. Кенелердің белсенділігі наурыз айынан басталып, мамыр–маусым айларында шарықтау шегіне жетеді.

Қауіп тобына жануарлармен жұмыс істейтін адамдар (шопандар, малшылар, сауыншылар, ветеринария қызметкерлері), эндемиялық аумақ тұрғындары, сондай-ақ науқастардың қанымен және биологиялық сұйықтықтарымен байланыста болатын медицина қызметкерлері жатады.

Инкубациялық кезең — 2-ден 14 күнге дейін. Ауру кенеттен басталады: дене қызуы 39–40 °C-қа дейін көтеріледі, бас ауырады, қалтырау, бет пен шырышты қабаттардың қызаруы, бұлшықет және буын аурулары, жүрек айну мен құсу байқалады. 2–4 күннен кейін қан кету белгілері пайда болуы мүмкін (мұрыннан және қызыл иектен қан кету, теріде және шырышты қабаттарда қан құйылулар, ішкі қан кетулер болуы ықтимал).

Аурудан кейін иммунитет 2 жылдан 7 жылға дейін сақталады.

Алдын алу шаралары:

  • табиғатқа шыққанда репелленттерді қолданыңыз;
  • өзіңізді және өзгелерді кенелердің бар-жоғына үнемі тексеріп отырыңыз;
  • жануарлармен қорғаныш киім мен қолғап киіп жұмыс істеңіз;
  • киімді дұрыс киіңіз (көйлекті шалбардың ішіне, шалбарды шұлықтың ішіне салыңыз);
  • жануарлар мен үй-жайларға кенеге қарсы өңдеу жүргізіңіз.

КҚГҚ — қауіпті ауру, уақтылы емделмеген жағдайда өлімге әкелуі мүмкін.

Кене шаққанда дереу медициналық ұйымға жүгініңіз. Кенені өз бетіңізше алып тастамаңыз.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksek/press/news/details/1210438?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді