
Маңғыстау ауданы Полиция бөлімінің ұйымдастыруымен «№2 Б. Жұмалиев атындағы жалпы білім беру мектебінде» 8–11 сынып оқушыларына «Жасөспірімдердің қатысуымен орын алатын қылмыстық іс-әрекеттердің алдын алу, құқық бұзушылықтың жолын кесу» тақырыбында жиналыс өткізілді.
Жиналыстың негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу, білім алушылар арасында құқық бұзушылықтарға жол бермеу, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және олардың құқықтық сауаттылығын арттыру.
Іс-шараға Маңғыстау ауданы Полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары, полиция майоры Б. Дузаков және Қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің ювеналды полиция тобының учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны М. Құлыбеков қатысты.
Жиын барысында тәртіп сақшылары кәмелетке толмағандар арасында кездесетін құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық ортада өзін дұрыс ұстау мәдениеті туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ буллинг, кибербуллинг, интернет-алаяқтық, топтық төбелес және суицид сияқты өзекті мәселелер бойынша ақпарат беріліп, оқушыларға бейнероликтер көрсетілді.
Мамандар оқушыларға заң талаптарын сақтау, қауіпті жағдайлардан аулақ болу және күмәнді әрекеттер туралы дереу ересектер мен полиция органдарына хабарлау қажеттігін ескертті.
https://www.instagram.com/reel/DXrHmNgDL0W/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1210698?lang=kk

Жауап қалдыру