
Маңғыстау облысында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, азаматтардың тыныштығын сақтау және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында 27–29 сәуір аралығында республика көлемінде «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамдық тәртіпті нығайту, криминогендік ахуалды тұрақтандыру, ауыр және аса ауыр қылмыстардың алдын алу, сондай-ақ құқық бұзушылықтарды дер кезінде анықтау және жолын кесу.
Сонымен қатар, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол ережелерін өрескел бұзу фактілерін анықтау бағытындағы жұмыстар күшейтілді. Мас күйінде көлік басқару, жылдамдықты асыру және қарсы қозғалыс жолағына шығу фактілеріне ерекше бақылау жүргізілуде.
Ақтау қаласының негізгі бағыттарында және республикалық маңызы бар автожолдарда мобильді бекеттер орнатылып, тәулік бойы бақылау ұйымдастырылған. Қоғамдық орындарда патрульдік полиция нарядтарының саны арттырылып, күшейтілген режимде қызмет атқаруда.
Іс-шара аясында учаскелік полиция инспекторлары мен патрульдік қызметкерлер тұрғындар арасында профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, заң талаптарын сақтау, қоғамдық тәртіпті бұзбау және құқықтық жауапкершілік туралы ескертуде.
Құқық қорғау органдары азаматтарды заң талаптарын қатаң сақтауға, күмәнді жағдайлар туралы дереу полицияға хабарлауға шақырады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1210672?lang=kk

Жауап қалдыру