МАҚТААРАЛДА АКАДЕМИЯҒА ТҮСУ МЕН ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ БОЙЫНША ТҮСІНДІРМЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
2026 жылғы 28 сәуір күні Мақтаарал ауданы әкімі аппараты ғимаратында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына оқуға түсу және жасанды интеллект бағытындағы жаңа мүмкіндіктерді түсіндіруге арналған кездесу өтті.
Іс-шараға Түркістан облысынан арнайы келген Академияның өңірлік өкілі, облыстық филиал директоры Қайратова Арайлым Қайратқызы қатысып, мемлекеттік қызметшілермен ашық форматта пікір алмасты.
Кездесудің негізгі мақсаты – Академияның магистратура және докторантура бағдарламаларына түсу талаптарын түсіндірумен қатар, қазіргі заман талабына сай цифрлық дағдыларды дамытуға бағытталған бастамалар туралы ақпарат беру болды.
Баяндамашы өз сөзінде мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және тұлғалық дамуына бағытталған бірқатар маңызды жобаларға тоқталды. Атап айтқанда, Түркістан облысының мемлекеттік қызметшілеріне арналған Оқырмандар клубының жұмысы таныстырылып, оның кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, сыни ойлау қабілетін дамыту және басқарушылық құзыреттерді арттырудағы рөлі ерекше атап өтілді. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілерге арналған «AI-Qyzmet» бағдарламасы туралы кеңінен мәлімет берілді.
Бағдарлама жасанды интеллект негіздерін меңгеруге, цифрлық сауаттылықты арттыруға және мемлекеттік басқару жүйесінде заманауи технологияларды тиімді қолдануға бағытталған. Қатысушылар арнайы оқу курстарынан өтіп, тестілеу арқылы өз білім деңгейлерін бағалай алады.
Кездесу барысында жасанды интеллект бойынша тестілеудің құрылымы, кезеңдері мен өту тәртібі жан-жақты түсіндіріліп, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді.
Ашық форматта өткен жиын мемлекеттік қызметшілер үшін тәжірибе алмасуға, жаңа бастамалармен танысуға және кәсіби дамуға тың серпін берді.
Іс-шара соңында ұйымдастырушылар қатысушыларға белсенділік танытқандары үшін алғыс білдіріп, Академияға оқуға түсуге ниет білдірген азаматтарға кәсіби табыс, сәттілік және жаңа жетістіктер тіледі.

(с) Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-maktaaral/press/news/details/1210861?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді