
Астана, 2026 жылғы 23 сәуір – ҚР Энергетика министрлігінде әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында Конституцияны түсіндіруге арналған тақырыптық сабақ өтті.
Дәрісте 2026 жылғы 15 наурызда бүкілхалықтық референдумда қабылданған Конституцияның негізгі ережелері түсіндірілді.
Баяндаманы Заң қызметі департаментінің Құқықтық қамтамасыз ету басқармасының басшысы Ержан Ерсаинов жасады.
Сабаққа министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері, оның ішінде Мұнай-газ саласын дамыту, Бюджет және қаржылық рәсімдер департаменті, Қоғаммен байланыс басқармасы және Заң қызметі департаменті қатысты.
Әділет министрлігінің әдістемелік ұсынымдарына сәйкес жаңартылған Конституцияның негізгі бағыттары қаралды. Атап айтқанда, конституциялық құрылымның негіздері, мемлекеттің қызмет ету қағидаттары, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, сот төрелігі мен кепілдіктер мәселелері, сондай-ақ мемлекеттік басқарудың жаңа моделі мен жаңа институттарды енгізу тетіктері түсіндірілді.
Сонымен қатар Конституциялық Соттың рөліне, әлеуметтік кепілдіктерді күшейтуге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормаларға және Конституцияның елдің одан әрі дамуы үшін маңызына ерекше назар аударылды.
Мұндай іс-шаралар мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және конституциялық реформаларды терең түсінуге жағдай жасайды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/1210421?lang=kk

Жауап қалдыру