ОБЛЫСТАН – РЕСПУБЛИКАҒА!!!

Жарияланды:

Автор:

категорияда
ОБЛЫСТАН – РЕСПУБЛИКАҒА!!!
Жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында өткен облыстық “Абай оқулары” байқауы өз мәресіне жетіп, дарынды оқушылардың шығармашылық жетістіктері айқындалды. Ұлы ақын Абай Құнанбайұлы мұрасын насихаттауға бағытталған бұл байқау жас ұрпақтың рухани дамуына, сөз өнеріне деген қызығушылығын арттыруға үлкен мүмкіндік берді.
Байқау қорытындысы бойынша:
🥇 І орын
“Абайдың асыл мұрасы” бағыты бойынша
Тельман Нұриман – Қарасу ЖОББМ
➡️ Республика кезеңіне жолдама алды
🥉 ІІІ орын
“Сөз өнеріндегі ұлы Абайдың бейнесі” бағыты бойынша
Файзолла Айару – Қараөзен МЛ
🎓 Дипломмен марапатталды:
“Абайдың ақын шәкірттері” бағыты бойынша
Нигметуллина Асылай – Г.Бегалиев атындағы ЖОББМ
🎓 “Әнді сүйсең менше сүй” бағыты бойынша
Тұрартбек Сәнім – Қараөзен МЛ
Бұл байқау оқушылардың көркем сөз оқу шеберлігін, шығармашылық қабілеттерін шыңдап қана қоймай, Абай Құнанбайұлы шығармаларын терең түсініп, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге жол ашты.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтай отырып, алдағы республикалық кезеңде жоғары нәтижелер тілейміз!
 
 
 
 
 
 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-kaztalov/press/news/details/1210720?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді