
«Заң және тәртіп» идеологиясын насихаттау шеңберінде Жастар бастамаларын дамыту орталығында құқық қорғау органдары, банк секторы және профильді мамандардың қатысуымен әскери қызметкерлерге арналған профилактикалық кездесу өтті.
Шара барысында қызметтік тәртіп пен жеке жауапкершілік, қаржылық пирамидаға қарсы күрес және алаяқтық схемаларын алдын алу, отбасылық құндылықтарды нығайту, психологиялық қолдау, сондай-ақ әскери қызметкерлерге мемлекеттік қолдау шаралары талқыланды.
Павлодар облысы экономикалық тергеп-тексеру департаментінің өкілі қаржылық пирамида әрекетін алдын алу тақырыбы бойынша сөз сөйлеп, алаяқтық схемаларға тартылу механизмдерін, қаржылық алаяқтықтың негізгі белгілерін және осындай қауіптерден қорғау тәсілдерін түсіндірді.
Кездесу ашық диалог формасында өтті, қатысушылар сұрақтар қойып, пікір алмасып, спикерлерден қарастырылған бағыттар бойынша практикалық ұсыныстар алды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/afm-pavlodar/press/news/details/1210742?lang=kk

Жауап қалдыру