Павлодарда ірі есірткі арнасы жойылды: мыңнан астам доза тәркіленді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Облыс прокуратурасының үйлестіруімен ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел қызметкерлері жүргізген іс-шаралар нәтижесінде «синтетика» таратумен айналысқан ірі арнаның жолы кесілді. Мыңнан астам бір реттік доза тәркіленді.
Бұрын сотталған жергілікті тұрғын ұсталды. Жеке тінту барысында одан сатуға дайын шамамен 60 «закладка» табылды. Күдіктінің пәтерін тінту кезінде полицейлер синтетикалық және психотроптық заттардың ірі партиясын анықтады. Мамандардың қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат — метилметкатинон (мефедрон), жалпы салмағы 1,2 килограмнан асады. Сондай-ақ таразы, қаптама материалдары және қылмыстық әрекетті дәлелдейтін өзге де айғақтар алынған.
– Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізілуде, оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады. Полиция қызметкерлері жеткізу тізбегін және ықтимал сыбайластарды анықтау үшін жедел-іздестіру жұмыстарын жалғастыруда. Уақтылы жүргізілген полиция шараларының арқасында бұл көлемдегі есірткі тұтынушыларға жетпей қалды, – деді Павлодар облысы ПД ҰҚҚБ бастығынын м.а. Диас Қадыров.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-pavlodar/press/news/details/1210269?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді