Павлодарда ірі есірткі арнасы жойылды: мыңнан астам доза тәркіленді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

     Өңірде полицейлер жүргізген іс-шаралар нәтижесінде ірі есірткі арнасы жойылды.

     Жергілікті тұрғын ұсталды. Жеке тінту барысында одан сатуға дайын шамамен 60 орама табылды. Күдіктінің пәтерін тінту кезінде полицейлер синтетикалық және психотроптық заттардың ірі партиясын анықтады. Мамандардың қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат – 1,2 келі мефедрон. Сондай-ақ таразы, қаптама материалдары және қылмыстық әрекетті дәлелдейтін өзге де айғақтар алынған.

– Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізілуде, оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады. Полиция қызметкерлері жеткізу тізбегін және ықтимал сыбайластарды анықтау үшін жедел-іздестіру жұмыстарын жалғастырып жатыр, – деді Павлодар облысы ПД ҰҚҚБ бастығынын м.а. Диас Қадыров.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1210131?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді