
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлік және экспорттық-кредиттік агенттіктің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2025 жылғы 15 шілдедегі № 207-VIII ҚРЗ Заңымен (бұдан әрі – Заң) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына өзгерістер енгізілді.
Енгізілген өзгерістерге сәйкес, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына кондоминиум объектілерін басқару субъектілері ретінде пәтер (тұрғын емес үй-жайлар) меншік иелерінің кооперативі енгізілді.
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 51-6 бабының 1 тармағына және 2 тармағына сәйкес, пәтерлердің (тұрғын емес үй-жайлардың) меншік иелері кооперативінің қызметі осы Заңға, “Коммерциялық емес ұйымдар туралы” Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, сондай-ақ уәкілетті орган бекіткен пәтерлер меншік иелері кооперативінің үлгілік жарғысы негізінде жүзеге асырылады.
Пәтерлер (тұрғын емес үй-жайлар) меншік иелері кооперативінің атауында “пәтерлер (тұрғын емес үй-жайлар) меншік иелерінің кооперативі” деген сөз тіркесі болуға тиіс. Пәтерлер (тұрғын емес үй-жайлар) меншік иелері кооперативінің атауында “ПМК” аббревиатурасы пайдаланыла отырып, оның атауын қысқартуға жол беріледі.
Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2025 жылғы 29 қыркүйектегі бұйрығымен пәтерлер (тұрғын емес үй-жайлар) меншік иелері кооперативінің үлгі жарғысы бекітілді.
Азаматтық Кодексінің 42-бабының 6 тармағына күшіне қарай, заңды тұлғаның атауын өзгерту мемлекеттік қайта тіркеуден өту үшін негіздердің бірі болып табылады.
Аталған негiздер бойынша құрылтай құжаттарына енгiзiлген өзгерiстер заңды тұлға қайта тiркелмейiнше жарамсыз болып табылатынына назар аударамыз.
Пәтер (тұрғын емес үй-жайлар) меншік иелерінің кооперативін мемлекеттік қайта тіркеу 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2198 «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Заңына сәйкес жүргізіледі.
«Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Заңның 9-бабына сәйкес, пәтерлер (тұрғын емес үй-жайлар) меншік иелерінің кооперативін мемлекеттік қайта тіркеу қажетті құжаттарымен қоса өтініш берілген күннен кейінгі бес жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізілуге тиіс.
Сонымен қатар, Заңның 2-бабының 3-тармағына сәйкес, пәтерлер (тұрғын емес үй-жайлар) меншік иелерінің кооперативтері, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің тұтыну кооперативтері қайта тіркелу үшін:
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша өтінішті;
екі және одан көп кондоминиум объектісінің пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің жиналыстарында ұсынылған өкілдерден тұратын, үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері кооперативтерін, пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің тұтыну кооперативтерін қайта тіркеу туралы бастамашы топ жиналысының хаттамасын;
бюджетке тіркеу алымының 0,5 АЕК мөлшерінде төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге құжат.
Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу жөніндегі мемлекеттік қызмет «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалдарының халыққа қызмет көрсету бөлімдері арқылы көрсетіледі.
Заңның 2-бабының 2-тармағына сәйкес, осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін тіркелген және қызметін жүзеге асыратын үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің кооперативтері, пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің тұтыну кооперативтері өз қызметін осы Заңның талаптарына сәйкес келтіруге және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін бір жыл ішінде қайта тіркеу рәсімінен өтуге міндетті.
Осы баптың 2-тармағында белгіленген талаптар орындалмаған жағдайда тұрғын үй инспекциясы үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері кооперативтерін, пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің тұтыну кооперативтерін мәжбүрлеп тарату туралы өтінішпен сотқа жүгінеді (Заңның 2 бабы 4 тармағы).
Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметті ретке келтіру мақсатында пәтерлер (үй-жайлар) меншік иелерінің кооперативтері мен тұтыну кооперативтерінің барлық төрағаларына белгіленген мерзімде мемлекеттік қайта тіркеуден өту қажеттігі туралы назар аудартамыз.
Ақмола облысының
әділет департаментінің
баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-akm/press/news/details/1210503?lang=kk

Жауап қалдыру