Қала әкімінің төрағалығымен аппараттық кеңес өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Балқаш қаласында қала әкімінің төрағалығымен аппараттық кеңес өтіп, алдағы кезеңдегі маңызды бағыттар қаралды.

Кеңестің күн тәртібінде мамыр айындағы мерекелік іс-шараларды ұйымдастыру, 2026 жылғы туристік маусымға дайындық және «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасын іске асыру мәселелері қаралды.

Кеңесті ашқан қала әкімі алдағы мерекелік іс-шаралар жоғары деңгейде өтуі тиіс екенін атап өтті. Сонымен қатар іс-шаралардың мазмұнды әрі сапалы ұйымдастырылуына және олардың әлеуметтік желілерде кеңінен жариялануына ерекше назар аударылды.

Туристік маусымға дайындық барысында Балқашқа келетін туристер санының жыл сайын артып келе жатқаны айтылып, осыған байланысты инфрақұрылымды уақытылы дайындау, қалада тәртіп пен тазалықты қамтамасыз ету және демалушыларға қолайлы жағдай жасау қажеттігі атап өтілді.

Сондай-ақ «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында қала аумағында тазалық пен абаттандыру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізудің маңыздылығы айтылды. Бұл бағытта тек қызметтер ғана емес, әрбір тұрғынның жауапкершілігі маңызды екені де атап өтілді.

Кеңес қорытындысы бойынша жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар беріліп, олардың орындалуы бақылауға алынды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-balkhash/press/news/details/1210595?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді