Қаратөбе ауданы аумағында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру және тазалық жұмыстарын жүргізу мақсатында «Жасыл болашақ» экологиялық акциясы ұйымдастырылып, кең көлемді сенбілік өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қаратөбе ауданы аумағында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру және тазалық жұмыстарын жүргізу мақсатында «Жасыл болашақ» экологиялық акциясы ұйымдастырылып, кең көлемді сенбілік өтті.

Сенбілік барысында арнайы бөлінген аумақтарда тазалық жұмыстары жүргізіліп, барлық саябақтарда ағаштарды күтіп-баптау, қатты тұрмыстық қалдықтар орындарының айналасын тазарту шаралары атқарылды. Аудан орталығы мен ауылдық округтерде көшелер мен қоғамдық орындарды ретке келтіру жұмыстары да қатар жүргізілді.

Жалпы сенбілікке аудандық мекемелер қызметкерлері, ауыл тұрғындары, еріктілер, жастар бірлестіктері белсенді қатысып, барлығы 868 адам жұмылдырылды. Іс-шараға 18 техника тартылып, 32 тонна қоқыс арнайы орындарға шығарылды. Сонымен қатар 17 гектар аумақ тазартылып, санитарлық жағдайы жақсартылды.

«Жасыл болашақ» акциясы аясында аудан көлемінде көгалдандыру жұмыстары да қарқын алды. Мекемелер ауласына, саябақтарға және жеке секторларға әртүрлі көшет түрлерінен барлығы 1482 дана жас көшет отырғызылып, күтімге алынды. Бұл жұмыстар ауданның экологиялық ахуалын жақсартуға және тұрғындар үшін жайлы орта қалыптастыруға бағытталған.

Сондай-ақ Орал қаласынан келген «Э.Кулниязова» жеке кәсіпкерлігі аудан тұрғындарына жеміс ағаштары, гүл көшеттері, минералды тыңайтқыштар мен жеміс-жидек тұқымдарын қолжетімді

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-karatobe/press/news/details/1210244?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді