
Табиғатты аялау – ортақ міндет
Бүгін Қазақстан Республикасы көлемінде жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Шет ауданы аумағында тал отырғызу жұмыстары ұйымдастырылды. Игі шараға аудан әкімінің міндетін атқарушы Д. Карсембаев, аудандық мәслихат төрағасы С. Социал, ауыл ақсақалдары мен мекеме басшылары қатысып, туған жердің көркеюіне өз үлестерін қосты.
Тал егу — жай ғана ағаш отырғызу емес, бұл келешек ұрпаққа таза ауа, жасыл орта мен жарқын болашақ сыйлау. Әрбір отырғызылған тал — табиғатқа деген жанашырлықтың, туған жерге деген сүйіспеншіліктің айқын көрінісі. Мұндай игі бастамалар қоршаған ортаны қорғауға үлес қосып қана қоймай, елді мекендердің ажарын арттырып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға да жол ашады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet/press/news/details/1210224?lang=kk

Жауап қалдыру