Қазақстандық студент «Кәсіпқойлар» чемпионатында жүлделі орын иеленді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 19–23 сәуір аралығында Марий Эл Республикасында «Орман ісінің шебері» құзыреттілігі бойынша «Кәсіпқойлар» чемпионаты өтті. Аталған жарыс Ресей, Беларусь және Қазақстан елдерінің қатысушыларын біріктірді.

Чемпионаттың мақсаты — кәсіби білім сапасын арттыру, тәжірибелік дағдыларды дамыту және бәсекеге қабілетті мамандар даярлау. Қатысушылар нақты өндірістік жағдайларға жақын тапсырмаларды орындады.

Қазақстан атынан Орман шаруашылығы, экология және туризм жоғары колледжінің студенті Григорий Прядко қатысып, нәтижесінде 3-орынға ие болды.

«Бұл чемпионат мен үшін үлкен тәжірибе болды. Жаңа білім алып, мықты қатысушылармен таныстым және таңдаған мамандығымның маңыздылығын тереңірек түсіндім», — деді Григорий Прядко.

Жүлдегерді және колледж ұжымын құттықтаймыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-edu/press/news/details/1210444?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді