
Түркістан облысы, Созақ ауданында «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының ұйымдастыруымен кешенді мобильді көшпелі қоғамдық қабылдау өтті.
Іс-шараға Түркістан облысының Әділет департаменті қатысып, халықпен кері байланысты нығайту және шалғай елді мекендердегі өзекті мәселелерді жедел шешу мақсатында жүйелі түрде өткізілетін көшпелі қоғамдық қабылдаулар аудан тұрғындарына құқықтық сауаттылықты арттыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Қабылдау барысында азаматтар жер қатынастары, тұрғын үймен қамтамасыз ету, әлеуметтік төлемдер, атқарушылық іс жүргізу, алимент өндіру, сот актілерін орындау, сондай-ақ тегін заң көмегін алу тәртібіне қатысты өзекті мәселелерді көтерді.
Сонымен қатар, тұрғындарға интернет алаяқтық схемаларынан сақтану шаралары жөнінде түсіндірме берілді.
Әділет департаментінің өкілдері әрбір өтінішті жеке қарастырып, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес нақты әрі жан-жақты түсіндірмелер берді. Бірқатар мәселелер бойынша азаматтарға құқықтарын қорғаудың нақты тетіктері көрсетіліп, уәкілетті органдарға жүгіну тәртібі түсіндірілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-trk/press/news/details/1210089?lang=kk

Жауап қалдыру