
2026 жылғы 29 сәуірден бастап Майлин көшесі бойынша диаметрі 159 мм жылу желісін күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.
Осыған байланысты келесі көппәтерлі тұрғын үйлерде (120 пәтер)ыстық сумен жабдықтау уақытша тоқтатылады:
Майлин көшесі, 83, 85;
С. Нұрмағамбетов көшесі, 92.
Аталған үйлердің тұрғындарынан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз.
Жөндеу жұмыстарын аяқтау және ыстық сумен жабдықтауды қалпына келтіру мерзімі — 2026 жылғы 08 мамыр сағат 17:00-ге дейін. Бұл ретте жұмыстарды орындау және ыстық сумен жабдықтауды неғұрлым қысқа мерзімде беруді қайта бастау үшін барлық күш-жігер жұмсалатын болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1210810?lang=kk

Жауап қалдыру