Қызылорда полицейлері білім беру мекемелерінде интернет алаяқтықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қызылорда қаласы аумағында Полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері интернет-алаяқтықтың алдын алу мақсатында кең көлемді профилактикалық іс-шара өткізді.

Түсіндіру жұмыстары қаладағы 3 мектеп-лицейде оқушылар мен студенттердің қатысуымен ұйымдастырылды. Кездесу барысында интернет кеңістігіндегі қауіпсіздік, құқықбұзушылықтардың алдын алу және жеке қауіпсіздікті сақтау мәселелері жан-жақты түсіндірілді.

Полицейлер азаматтарға күмәнді сілтемелерге өтпеу, жеке деректерді бөгде адамдарға бермеу, белгісіз нөмірлерден келген қоңыраулар мен хабарламаларға сақтықпен қарау қажеттігін ескертті. Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде қауіпсіздік ережелерін сақтау және алаяқтардың арбауына түспеу жолдары нақты мысалдар арқылы түсіндірілді.

Мұндай профилактикалық шаралар жасөспірімдер мен жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және олардың интернет кеңістігіндегі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Полиция қызметкерлері азаматтарды қырағы болуға шақырып, кез келген күмәнді жағдай туындаған кезде дереу құқық қорғау органдарына хабарласу қажеттігін ескертеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-kyzylorda/press/news/details/1210165?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді