
Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының делегациясы Өзбекстан Республикасының Жызақ облысына жасаған халықаралық іссапары аясында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, жазушы Шараф Рашидовтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, рухына тағзым етті.
Тағзым рәсімі тарихи тұлғаға құрмет көрсетудің, сондай-ақ бауырлас Қазақстан мен Өзбекстан халықтары арасындағы мәдени-рухани сабақтастықтың айқын көрінісі болды.
Іссапар барысында екі ел арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға, кітапхана ісі саласындағы тәжірибе алмасуға және рухани ынтымақтастықты дамытуға бағытталған бірқатар кездесулер мен маңызды басқосулар өткізу жоспарланған.
Аталған сапар – достық пен өзара түсіністікке негізделген халықаралық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін маңызды қадам.
Түркістан облысы мәдениет басқармасының баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-madeniet/press/news/details/1210361?lang=kk

Жауап қалдыру